Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел күйеуінің 60 көңілдесі барын біліп, одан 2,3 миллион доллар өндіріп алды

АҚШ-тың Атланта штатында тұратын әйел күйеуінің көптеген опасыздығын әшкерелеп, одан 2,3 миллион доллар өндіріп алды және оны YouTube арқылы әшкереледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Atlanta Black Star басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: @gaillewis802/TikTok

Гейл Льюистің айтуынша, күйеуі Гарольдтың бірінші көңілдесі туралы ол әуекомпания арқылы білген. Гейл рейс туралы ақпаратты нақтылау үшін әуекомпанияға қоңырау шалғанда, телефон арқылы күйеуінің іссапардан белгіленген уақытта қандай да бір әйелмен бірге қайтып келетінін айтқан.
Анықталғандай, сол әйел Гарольдтың бұрынғы көңілдесі болып, ол оны барлық жұмыс сапарларына ертіп жүрген. Осы жағдайдан кейін Гейл ажырасуға өтініш берген.

Ізденісін жалғастыра отырып, Гейл күйеуінің тек бір емес, барлығы 60 әйелмен опасыздық жасағанын анықтайды. Ол тіпті олардың кейбірінің есімін ашық жариялаған. Олардың арасында актер Лоренс Фишберннің қызы Валентина да болған деп айтылған. Алайда белгілі болғандай, Фишберннің мұндай есімді қызы жоқ.

Ажырасу туралы келісім бойынша Гарольд Гейлге 2,3 миллион доллар төлеуге міндеттелген. Бұдан бөлек әйелге құны 1,3 миллион доллар (130 миллион рубль) тұратын үй берілген.


Баланың есімі үшін ажырасуға өтінім берді: Ерлі-зайыпты баласына кім ат таңдайтынын келісе алмаған


 

Еске салайық, бұған дейін канадалық жазушы жесір әйел күйеуінің опасыздықтарын біліп, тамақпен бірге оның күлін жегенін жаздық. Мәліметтерге сенсек, жазушы Джессика Уэйттің күйеуі Шон 2015 жылы Техас штатында іссапарда жүргенде қайтыс болған. Джессика күйеуінің өлімі туралы хабарды алғаннан кейін, оның iPad құрылғысын қолданып, Хьюстондағы ауруханамен байланысып, күйеуінің денесін Канадаға жеткізу үшін шаралар қабылдаған.

Талқылау