Әйел қызын зорламақ болған сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастаған
Үндістанда Уттар-Прадеш штатында 36 жастағы әйел қызын зорламақ болған азаматтық некедегі жолдасының жыныс мүшесін кесіп тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Times of India басылымының жазуынша, қыздың анасы маскүнем күйеуімен ажырасқан соң 32 жастағы азаматпен көңіл қосқан. Олар азаматтық некеде екі жыл тұрыпты.
“Қызымды азғындамақ болған кезде мен фермада жұмыс істеп жүргенмін. Абырой болғанда, ол арам ойын жүзеге асырайын деп жатқан кезде үйге келіп қалдым”, – дейді әйел.
Сөзінше, қызын қорғамақ болған кезде ер азамат әйелге тап берген.
“Сол себепті асүйден пышақ әкеліп, өзімді қорғау мақсатында оның жыныс мүшесін кесіп тастадым”, – дейді қыздың анасы.
Полиция ер азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Қазір күдіктінің жағдайы ауыр. Ал әйелдің үстінен іс қозғала ма, жоқ па, әзірге белгісіз.
Түркістан облысында информатика пәнінің мұғалімі 9-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді