Қыз босанған әйел пәктігін сақтап қалғанын айтты
38 жастағы Ұлыбритания тұрғыны Кимберли Годсолл қызының дүниеге келуіне қарамастан пәк қыз болып қалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail баспасына сілтеме жасап.
Тәрбиеші болып жұмыс істейтін ару болашақ жары үшін өзін сақтағанын және бұл шешімнің ешқандай дінге қатысы жоқ екендігін айтады. Ол бұған дейін ғаламтор арқылы танысқандармен бірнеше рет кездесуге барған. Кимберлидің ең ұзақ қарым-қатынасы 22 жасында актермен және 32 жасында мұғаліммен болған. Екі махаббат романы да шамамен 3 айға созылған. Ол бұл адамдармен өмірінің соңына дейін бірге бола алмайтынын түсінген сәтте байланысын үзген. Британдық әйел анасы мен әпкелері секілді өмірінде жалғыз ер адамның болғанын қалайды.
“Бұл өмірге романтикалық көзқараспен қарау екенін түсінемін. Алайда мен өзімді кімге тұрмысқа шықсам, тек соған арнағым келеді. Өзгелер үшін ештеңе айтқым келмейді. Әр адам өз шешімін өзі қабылдайды. Мен оларды жеңіл жүрісті деп айыптамаймын да. Және болашақ серігіме де мұндай талап қоймаймын”,-деді Кимберли.
- 14 әйелге үйленген ер адам әйелдерінің есебінен өмір сүрген
- Әйел ұл босану үшін басына шеге қағып тастаған
Жылдар өтсе де, ару өз махаббатын жолықтыра алмады. Ал ана болатын уақыттың келгенін түсінген ол пәк қыздарға ана болуға көмектесетін клиникаға жүгініп, мінсіз тұжырымдаманың көмегімен ЭКО процедурасы арқылы ойлағанын орындады. Жүктілігін білген кезде Кимберли бақытқа бөленген.
Оның қызы Скарлет 2019 жылдың 25 ақпанында дүниеге келген.