Әйел ақшасын үнемдеу үшін күнде жұмысқа ұшақпен қатынайды
Малайзиялық Рашель Каур аптасына бес күн ұшақпен екі қала арасына қатынайды. Ол мұндай шешімді отбасымен көбірек уақыт өткізу үшін, сондай-ақ ақшасын үнемдеу үшін қабылдағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Indian Express сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: CNA
Рашель Каур AirAsia қаржы бөлімінде менеджердің көмекшісі болып жұмыс істейді және Пенанг қаласында тұрады. Дүйсенбіден жұмаға дейін ол таңғы төртте оянады. Ол Сепангқа 5:55 рейске жету үшін әуежайға таңғы бесте келеді. 30-40 минут ұшады. 7:45-те Каур кеңседе болады. Жұмыстан кейін ол қайта ұшып, 19:30-да үйіне жетеді.
2024 жылға дейін Каур кеңсесінің жанында пәтер жалдап, үйге демалыс күндері ғана келетін. Бірақ үйде 11 және 12 жастағы балалары болғасын қастарында болғысы келіпті.
"Күн сайын таңғы төртте тұру шаршатады. Бірақ мен үйге келіп, балаларымды көргенде шаршағанымды ұмытамын", – деді Каур.
Оның айтуынша, күн сайын ұшу кеңсе жақтан пәтер жалдағаннан қолайлы. Бұрын оның ай сайынғы шығындары 470 доллар (275 мың теңге) болса, қазір 316 долларға дейін (158 мың теңге) жұмсайды. Осылайша шамамен 150 долларды үнемдейді.