Айдың аяғында бірнеше рет магниттік дауыл болады: Ағзаға әсерін қалай азайта аламыз?
Мамандардың болжамы бойынша келесі магниттік дауыл 20 наурызда болады деп күтілуде деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Unian.net сайтына сілтеме жасап.
Алайда бұл дауыл әлсіз және тек бір күнге созылатыны айтылған. Содан кейін дауыл айдың соңында 25-27 наурызда болады. 25-і болатын дауылдың күші әлсіз, 26 наурызда орташа, содан кейін 27-і тағы да әлсіз.
Метеорологиялық тәуелді адамдардың көпшілігінде магниттік дауыл кезінде көңіл-күйдің өзгеруі, әлсіздік және ұйқының бұзылуы байқалады. Адамдар мазасыз болады. Бұл кезең, әсіресе, жүрек-қан тамырлары ауруларымен, вегетативті дистониямен ауыратын, артық салмағы бар адамдарға қиын.
Магниттік дауылдың әсерін азайту үшін қарқынды физикалық белсенділікті шектеу, көп демалу, дұрыс тамақтану, көбірек су ішу керек.
Магниттік дауыл қарсаңында артық жұмыс істемеген жөн, күніне кемінде 1 сағат таза ауада өткізу дұрыс. Жеңіл тағамдарды тұтынып, темекі мен алкогольдік ішімдіктерден бас тарту ұсынылады.
Стресске бой алдырмау, жанжалды жағдайлардан аулақ болу, көлік жүргізуді шектеу қажет.