Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдар Тұрғанбек: Қазіргі қыздардың тәрбиесі қиын болып барады

Жігіттер тобының қос мүшесі Бағлан Әбдірайымов пен Айдар Тұрғанбеков отбасының бүтін сақталуы бірінші кезекте нәзік жандыларға байланысты екенін айтады. Мұнымен қатар, әншілер қазіргі қыздардың тәрбиесіне көңілдерінің толмайтындығын жеткізді.

21436066_1312476868881954_4571872148334837760_n

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

“Ажырасу мәселесі көбінесе қыздарға байланысты сияқты. Ұзатуға айтылатын тілекте “Сол үйдің отымен кіріп, күлімен шық” деген сөз бар. Яғни ол өзі таңдап, тұрмысқа шыққан үйде күйеуі мен ата-енесі ақ болсын, қара болсын, аттаған босағасынан қайтып келмеуі тиіс”, – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Ал Айдар Тұрғанбеков ерлі-зайыптылардың телехикаядағыдай ғұмыр кешкілері келетіндерін айтады.

“Қазіргі қыздардың тәрбиесі қиындау болып кетті. Оның үстіне екі жастың арасындағы нәрселер 70% жағдайда қыздарға байланысты. Тұрмысқа шығып, отау құрған соң, өте қиын жағдайлар болады. Соған толықтай көнуі керек. Ер адамға бағынуы керек. Бағынбаса, отбасы дұрыс болмайды. Әйел адам бір саты төмен тұруы керек. Телехикаялардың өзі адамды құртып жатыр. Ол жердегінің барлығы – өтірік махаббат. Ең әдемі деген актерлерді таңдайды. Қарапайым өмірдегі ерлі-зайыптылар да бір-бірінің солар секілді мінсіз болғанын қалап тұрады”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Мирас пен Құралай: Қазіргі жастар дайын нәрсеге үйреніп алған

Рүстем Нұржігіт: Кеңес одағы кезінде ажырасу ұят болатын

Меруерт Түсіпбаева алғаш рет жалғыз ұлының әкесі туралы айтты

Талғат Жорабаев: Үндемей шыдап келген Алтынай жанартау болып атылды

Талқылау