Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденованың туған әпкесі шоу-бизнеске қадам басты (видео)

Сіңлісі танылып, әпкесіне қолдау білдірді! Дәл осындай үрдіс шоу-бизнесте жиі қайталанатын болған. Жуырда ғана Жазира Байырбекова туған әпкесі Ләззат Байырбекованы көпшілікке таныстырды. Сол сияқты Айдана Меденова да бірнеше баланың анасы атанған жалғыз әпкесін шоу-бизнеске алып келді, деп хабарлайды Stan.kz.

Айдана Меденованың өнерпаздар отбасынан шыққанын бұған дейін бірнеше мәрте жаздық. Бүгінде еліміздегі ең сұлу әнші атанған Айдана 5 жасынан бастап ата-анасымен және аға-әпкесімен бірге тойларда ән салған. Айдананың ағасы Ермекті жұрт Super Star жобасынан жақсы біледі. Алайда алғашқыда ән әлеміне Ермек қадам басқанымен, бүгінде көпшілік оны тек Айдана Меденованың ағасы ретінде таниды.

Ал үйдің үлкені Назым жастай тұрмыс құрып, әнші атану арманын кейінге ысырған. Дегенмен адам бойына дарыған талант жасқа қарамайды. Бірнеше баланың анасы атанған Назым Меденова бұл сөзіміздің айқын дәлелі.

Назым өмірлік жолдасымен бірге дуэт құрып, көңілді әнге бейнебаян таспалады. DN тобының алғашқы жұмысы “Десең, иә” деп аталады. Ендеше тамашалап, бағасын бере отырыңыздар!

Жіберіп алмаңыз:

«Қалаулым» қатысушысы шоу арқылы танылып, Instagram-нан қыруар ақша тауып жүргенін мойындады

Мәйітті өртеу ғана қалды: Асхат Садырбай жат ағымның жетегінде кеткендерді сынап тастады

Отбасылы Шоқан Маратұлы өзге қызбен көңіл көтеріп жүрген жерінен ұсталып қалды (видео)

Сейдуалиева: Шоу-бизнестегі мақтаншақтық пен ысырапшылдық үшін ұяламын

 

 

Талқылау