Мәйітті өртеу ғана қалды: Асхат Садырбай жат ағымның жетегінде кеткендерді сынап тастады
Белгілі журналист Асхат Садырбай жат ағымның жетегінде кеткендерді сынға алды. Журналист қазаққа жат мерекелерді тойлап, дәстүрлерді орындап жүрген жастар үшін алаңдайтынын жеткізді.

Жат ағымға кіріп кеткендер жайлы Садырбай өзінің Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
“Ұлты қазақ, діні мұсылман бірақ өзге діннің дәстүрін орындап жүрген отандастарға! Буддизм, индуизм, джайнизм, синтоизм діндерінде адам өлген соң өртейді, сөйтіп күлін көмеді немесе суға ағызады. Сіздер алдағы уақытта бұл діндердің де дәстүрлерін орындайтын шығарсыздар? Жастарымыз Хэллоуинді мерекелейді, қыздар жағы тұрмысқа шығар алдында xна пати мен девичник өткізеді, енді мәйітті өртеу ғана қалды ау деймін бiзге. Үйсіз болсаң да мисыз болмашы, қазақ!” – дейді ашынған журналист.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған