Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда аязға байланысты бірнеше қалада мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан және Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығындағы бірнеше қала мектептерінде барлық кезекші топтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"14 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады", - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының мәліметінде.

Осы уақытта термометр бағаны -33 градус аязды көрсетуде.

Қарағанды қаласының білім бөлімі 14 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сыныптардағы сабақтардың болмайтынын хабарлады. Сабақтар қашықтан өткізіледі.

Қостанайда аяздың минус 33 градусқа дейін жетуіне байланысты 0-11 сынып оқушыларына сабақ қашықтық форматқа ауыстырылды.

Ал Өскеменде аяздың минус 29 градусқа дейін болуына байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан өткізіледі.

Сондай-ақ Саран және Теміртау қалаларындағы оқушыларды қашықтан оқыту форматына көшіру туралы деректер пайда болды.

Талқылау