"Аяз басылады": Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер Қазақстан бойынша 16-18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Деректерге сай ел аймақтарында аяздың бәсеңдеуі күтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы аптада Қазақстанның бірнеше аймағында аязды ауа райы сақталған еді. Синоптик болжамына сәйкес алдағы күндері антициклон солтүстік-шығысқа қарай жылжып, осыған байланысты аяз басылады. Солтүстік Атлантикада пайда болған циклон жырасы республиканың батысынан жылжи бастайды. Сол себептен жауын-шашын мен қардың жаууы болжанып отыр. Салдарынан бұрқасын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Циклон кейін басқа аймақтарға да жылжиды.
Түнде ауа температурасы батыста 0-10 градус аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 5-15 градус аязға дейін біртіндеп жоғарылайды. Бірақ шығыста 22-35 градус аяз әлі де сақталады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі