"Аягөз - 92 шақырым - Үшарал" учаскесі көлік қозғалысы үшін ашық
"Өскемен-Талдықорған" республикалық маңызы бар автожолының "Аягөз - 92 шақырым - Үшарал" учаскесіндегі жол қозғалысы ашылды.

Енді көлік жүргізушілеріне айналма жолмен емес, негізгі жолмен жүре рұқсат берілді. "Қазавтожол" Ұлттық компаниясы" АҚ филиалының өкілдері бұл өзгеріс тек қыс мезгілінде ғана екенін ескертті.
"Қыс мезгілінде және көктемге дейін жүргізушілер негізгі жолмен жүре алады. Келесі жылы жолды асфальттың үстіңгі қабатымен жабу жұмыстары қалды. Мердігерлерге осы жұмысты ғана аяқтау қажет. Алдағы жылы нысанды толық пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз", - деді Абай облыстық филиал директоры Айдын Ескенов.

Жолдың бұл бөлігінде асфальттың үстіңгі қабатын төсеу және аяқтау 2024 жылға жоспарланған.
Айта кетсек, облыстағы аудандық және облыстық маңызы бар жолдардың жалпы көлемі 4,5 мың шақырымды құрайды. 2023 жылы 235 шақырым жолға асфальт төселді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"