AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяғымды көріп, талып қалдым": Алматылық полицей қаңтар оқиғалары кезінде қалай соққыға жығылғанын айтты

Алматы қаласының Медеу аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция қызметкері Ұлан Оханов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде сақтыққа шақырып, қарапайым халықты қорғап жүрген. Ол қаладағы Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында адамдарды қуып жүріп қаққан көліктен зардап шегіп, аяусыз соққыға жығылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.

полиция кантар

Ұлан Охановтың айтуынша, құқық қорғау қызметкерлері арт жақтан келген әскери көлікті көмекке келген әріптестері екен деп ойлаған.

"Алыстан қарағанда көлік тізгінінде қара киім киген адам отырғанын көріп, өз қызметкеріміз деп ойладық. Соққыдан ұшып кеттім. Тұрайын десем, тобығым тайып кеткен екен, аяғымды көріп, талып қалдым", – дейді Оханов.

Осыдан кейін Ұланды әріптес екі досы жолдың шетіне шығарып, ағашқа сүйеп отырғызған.

"Тастап кетіңдер, жүруге шамам жоқ" деп айтып үлгердім. Тағы бір есімді жиғанда байқағаным, формамнан сүйреген әлдекімдер сол маңда орналасқан "Халық банк" ғимаратының ішіне қарай апара жатыр екен. Ол жақта полиция қызметкерлері мен әскерилерді жабылып ұрып жатты. "Киіміңді шеш" деп жатқанын, бір үлкен кісінің "қазақтың баласы ғой, тиіспеңдер" деп жүгіріп, жылап жүргенін көрдім. Бірақ оны үлкен кісі деп тыңдап жатқан ешкім жоқ", – деп есіне алады полиция қызметкері.



Ұлан Оханов соққыдан есінен танып, ауруханада ғана өз-өзіне келген.

Дәрігерлер оның оң аяғының бірнеше жеріне темір салып, ота жасаған. Оған қоса миы шайқалып, сол қолынан жарақат алғанын айтты. Ол аураханада жатқан 15 күнде 15 келі салмақ жоғалтқан. Ұлан өзін емдеу мекемесіне апарған белгісіз азаматқа алғысын айтады.

ІІМ Тергеу департаментінің төрағасы Санжар Әділовтың айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде жалпы саны 3 мыңнан астам әскери, құқық қорғау саласының қызметкерлері түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.

"Олардың кейбірі қызметіне орала алмайды, мүгедек болып қалды", – деді ІІМ тергеу департаментінің төрағасы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр