Айқын Төлепберген Жұлдыз Өмірғали түскен сериалды көргісі келмейтінін айтты
Белгілі әнші Айқын Төлепберген “Папарацци” бағдарламасында әйелі Жұлдыз Өмірғали түскен кинотуындыны не себепті көрмейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айқын Төлепберген басты рөлде Жұлдыз Өмірғали түскен “Ақ жауын” сериалына қатысты пікір білдірді.
“Махаббатты тек сүйісумен, құшақтасумен көрсетпейді. Менің ойымша, қос ғашықтың бірін-бірі сүйіп, ақыры қосыла алмай кетсе қызығырақ болатын сияқты. Мен тек бір-екі сериясын көрдім. Ара қарай көре алмадым. Жүйкем шыдамады. Жұлдыздың басқа біреуге “жаным” деп жүргенін ұнатпаймын. Сондықтан Жұлдыздың киноларын көре алмаймын. Бірақ қарсы болмаймын, рұқсат етемін. Себебі ол Жұлдыздың жұмысы, жақсы көретін ісі”, – дейді әнші.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты