Ер адам мұз толы контейнерде 2,5 сағат отырып, әлем рекордын жаңартты
Австрия тұрғыны Йозеф Кеберл мұзға толы аквариумда 2 сағат 30 минут 57 секунд отырып, бір жыл бұрын өзі орнатқан әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Эксперимент бір күн бұрын Мельк қаласында өтті. Ер адам келесі жылы Лос-Анджелесте өзінің осы жолғы жетістігінен де асып түсуге тырысатынын мәлімдеді.
Кеберл 200 килограмнан астам мұз текшелерінің арасында суға түсуге киетін киіммен ғана отырған. Австриялықтың айтуынша, жағымды ойлар оған суықтың азабын жеңуге көмектескен.
Акция мақсаттарының бірі - мұздықтардың еруі мәселесіне назар аудару.
Астанада туристің видеосына түскен полицейлер не үшін жұмыстан шығарылды? Бұл заңды ма
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды