Аустралияда жағаға шығып қалған 50-ден астам кит қырылды
Батыс Аустралияда жағаға шығып қалған 50-ден астам ұшқыш кит өлді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшқыш киттердің жағаға шығу оқиғасы сейсенбі күні орын алған. Олар Чейнс жағажайындағы жағалаудан шамамен 100 метр жерге тұрақтаған. Киттер жағаға шыға бастаған бойда Саябақ және жабайы табиғат қызметі оларды аман алып қалу үшін шұғыл әрекет еткен. Сол күні түнде шамамен 51 кит өлген. Ал билік аман қалған 46 китті теңізге қайтаруға тырысуда.
Айта кетейік, Аустралияның Тасмания жағалауында киттің жаппай қырылу оқиғасы өткен жылы да орын алған. Ол кезде қырылған кит саны 230 болатын. Ал 2018 жылы Батыс Аустралияда 150 кит қырылған еді.

"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты