Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ауырдым” деп жар салған Жігер Ауыпбаев Түркияда бейнебаян түсіріп қайтқан

Әріптестері емделу үшін барып, бейнебаян түсіріп қайтқан Жігер Ауыпбаевты сынады. Оған аурумен ойнамауға кеңес бергендер де болды. Арасында мұны өсек әңгімеге балағандар да табылды.

0жхз

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

Мырзахан Маханов өзінің дертін жұрттан жасыруға тырысқан екен. Жігер Ауыпбаев керісінше екі бүйрегіне ота жасалады деп жар салды. Ал «Диета.кз» тобының әншісі мұны қауесетке балады. «Бұл – өсек әңгіме. Жігер кішкене ғана ауырып, тексерілу үшін аттанды. Жолы түсіп тұрған соң тексеріліп қайтты», – дейді Жасұлан Базарбаев.

Жоғарыда айтылған әңгіменің екеуі де шындық. Стамбұлдағы медициналық тексеріске бір тәулігін ғана арнаған. Қалған уақытта бейнебаян түсірген. «Сол жаққа қаралған соң екі күн медициналық тексерістен өттіп, толықтай қаралдым. Қалған күндері ары-бері жүріп-тұруға менде уақыт болды. Сол жақтағы бауырларымызбен ақылдасып, бейнебаян түсіруге мүмкіндік берді. Менің ауруымда қара пиар деп шығарып алып жатқандар болды. «Жігер Стамбұлға қара пиар жасап, бейнебаян түсіру үшін барыпты» деген сөздер де айтылды», – дейді Жігер Ауыпбаев.

Әріптестері әншінің бұл әрекетін ұнатпады. «Меніңше, басқа жұмыспен бара жатып артынан басқа тақырыпта сөз қозғау – мүлдем бөлек әңгіме», – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Ал жуырда ота жасатып келген Мырзахан Маханов оған аурумен ойнамауға кеңес берді. «Дерт адам баласына берілмесін деп тілеймін. Ол – ойнайтын зат емес. Онымен пиар жасауға болмайды. Тамағым әлі күнге дейін ауырады. Аурумен олай ойнауға болмайды. Басына түскен адамдар мұны түсінеді», – дейді Мырзахан мырза.


Жіберіп алмаңыз:

Мырзахан Маханов: Барлығы Алланың қалауымен болып отыр

Мөлдір Әуелбекова не себепті тұсау кесіп көрмегенін айтты

Жұлдыздардың тұсау кескендері үшін ақша алатыны рас па?

Сәкен Майғазиев осы күнге дейін 50-ге тарта сәбидің тұсауын кескен

Талқылау