Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай: ШҚО-да ветеринариялық жаңа нысан ашылды

Ашылу салтанаты
Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында ауылдық инфрақұрылымды дамыту және ветеринариялық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

20 қарашада Веселов ауылдық округіне қарасты Веселовка ауылында жаңа ветеринариялық пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ашылу салтанаты
Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа нысан ауыл тұрғындарына ветеринариялық қызметтерді тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға, профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуге, сондай-ақ үй жануарлары мен ауыл шаруашылығы жануарларының жағдайына тиісті ветеринариялық бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Ашылу салтанаты
Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту ауылдық елді мекендер үшін ерекше маңызға ие. Себебі мал шаруашылығы ауыл тұрғындарының негізгі кәсіптерінің бірі әрі көптеген отбасының табыс көзі болып табылады.

2026 жылға арналған жоспар аясында Шығыс Қазақстан облысында 32 ветеринариялық пункт, үш аудандық ветеринариялық станция және 25 мал қорымын салу көзделген. Бүгінгі таңда жоспарланған нысандардың 70 пайыздан астамы пайдалануға беруге дайын.

Ашылу салтанаты
Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аталған шараларды іске асыру ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауылдық елді мекендер тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Ашылу салтанаты
Фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Веселовка ауылында ветеринариялық пункттің ашылуы – ауыл инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кезекті маңызды қадам.

Дана Русланқызы
Жұма, 20 Қараша, 2026 18:33