Ауыл шаруашылығы министрлігі қарбызды қай мерзімде жеу қауіпсіз екенін айтты
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, Қазақстанда қарбыз бен бақша өнімдерін тұтынудың ең қауіпсіз кезеңі – шілде айының соңы мен қыркүйек аралығы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министрдің сөзінше, өсіру технологиясына қарай бақша дақылдары төрт түрге бөлінеді.
“Ерте пісетін, үлдір астында өсірілетін, орташа мерзімде пісетін, кеш пісетін және жыл бойы өсірілетін өнімдер. Оның сөзінше, қарбыз бен қауынды тұтынудың ең қауіпсіз кезеңі – шілде айының соңы мен қыркүйек аралығы. Себебі дәл осы уақытта бақша өнімдерінің жаппай пісу маусымы басталады”, – дейді Азат Сұлтанов.
Осы кезеңде қарбыз бен қауын ешқандай қоспаларсыз, тыңайтқыштарсыз және түрлі өсу стимуляторларын қолданбай табиғи жолмен піседі дейді вице-министр.
“Сондықтан әсіресе балаларға, әзірге оларды жеуге асықпаған жөн. Бұл – маман ретіндегі менің ұсынысым. Сонымен қатар елімізге шетелден әкелінетін барлық жеміс-көкөніс өнімдері түрлі зиянкестер мен аурулардың жоқтығына қатысты фитосанитариялық бақылаудан өтеді", – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Қазақстандық банк қолданушылары шоттан жаппай ақша жоғалғанын байқаған: Банктің жауабы қандай
Freedom Bank баспасөз қызметі мәселені шешіп жатқанын мәлімдеді
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
