Аустралияда қайырымдылық жасаған қазақ жігіт танымалдылыққа ие болды
Аустралияда қайырымдылық жасаған қазақстандық жігіт әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болды. Қазір оның видеолары Tik Tok-та миллиондаған қаралым жинаған. Жігіт супермаркетте бөтен адамдардың саудасын төлеп береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

32 жастағы Рустам Разиев 12 жылдан бері Аустралияның Мельбурн қаласында тұрады. Жігіт супермаркетте таныс емес адамдардың саудасын төлеп береді. Күтпеген жерден жақсылық жасаған Рустамның әрекеті көпшіліктің таңданысын тудырмай қоймайды.
Рустамның өзі кішкентай кезінен бастап адамдарға көмектескісі келгенін айтады. Студент кезінде ол оффициант, ыдыс-аяқ жуушы болып жұмыс істеген. Бүгінгі таңда жігіт аустралиялық компаниялардың бірінде кеңесші-брокер болып жұмыс істеді.
Қазір жігіттің Tik Tok-тағы парақшасында 7 миллион жазылушы бар. Алдағы уақытта Мельбурнде жылдам тамақтану орнын ашпақшы, Сонымен қатар туған қаласы Алматыға келуді жоспарлап отыр екен.
Талқылау
                            
                         
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
Жастар кеңседе отырғысы келеді, қол жұмысынан қашады
            
                    
                 
Алматыда шешек дерті өршіп тұр: Дәрігер ауру қалай тарайды және одан қалай қорғануға болатынын айтып берді
Маманның айтуынша, желшешектің көбеюіне маусым мен екпенің аздығы себеп