Аустралия туралы қызықты деректер

Аустралия әлемге Сидней опера театры, Үлкен тосқауыл рифі, жануарлар мен өсімдіктердің ерекше түрлерінің көптігімен танымал. Stan.kz Аустралия туралы қызықты деректерді ұсынады.

Аустралия туралы қызықты деректер

Аустралия – үлкендігі бойынша әлемде 6-орынды иеленетін мемлекет. Ол аумағы шамамен 7,6 миллион шаршы шақырым болатын тұтас бір құрлықты алып жатыр.

Аустралиялықтардың 80 пайызы жағалаудан 100 шақырым жерде өмір сүреді. 

Аустралия халқы 200-ден астам тілде және диалектіде сөйлейді. Олардың 45-і – байырғы халықтардың тілі. Мемлекетте ағылшын тілінен бөлек, итальян, грек, кантон, араб, вьетнам және қытай тілдері кеңінен тараған. 

Дамыған елдердің арасында Аустралияда мигранттар саны көп. Аустралиялықтардың 25 пайызынан астамы өзге мемлекеттерде дүниеге келген. Мұнда байырғы халықтардан бөлек, 200 елден келген мигранттар өмір сүруде.

Мемлекетте ерекше экологиялық жүйемен танысып, сонымен қатар адам қолы тимеген торпикалық ормандар, ежелгі құздар және керемет жағажайларды көруге болады.

Аустралия туралы қызықты деректер

Аустралияда ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының 16 нысаны орналасқан. Олардың қатарында тарихи ауылдар, қалалар мен ландшафттар бар. 

Аустралия әлем бойынша әйелдерге дауыс құқығын берген (1902 жылы) Жаңа Зеландиядан кейінгі екінші мемлекет болды. 

Сидней мен Мельбурнның қайсысы астана болатыны туралы келісе алмағанда, 1908 жылы Канберра құрылған. 

Әлемдегі ең үлкен ферма Оңтүстік Аустралияда орналасқан. Anna Creek Station фермасы 34 мың шаршы шақырымнан астам аумақты алып жатыр. Бұл Бельгияның аумағынан (30,5 мың шаршы шақырым) үлкен. 

Аустралия туралы қызықты деректер

Аустралиялықтар әлемнің өзге елдерімен салыстырғанда, құмар ойындарына ақшаны көбірек жұмсайды. Мемлекетте ересектердің 80 пайызы құмар ойындарын ойнайды. Бүкіл дүниежүзіндегі покер ойыны автоматтарының 20 пайызы Аустралияда. 

Супермаркеттерден, ет сатушылардан кенгурудың етін сатып алып, мейрамханада тапсырыс беруге болады. Кенгуру еті сиыр немесе қой етінің баламасы ретінде қарастырылады. Себебі ондағы майдың үлесі – 1-2 пайыз.

Аустралия туралы қызықты деректер

Аустралиялықтардың дені спортты жақсы көретініне қарамастан, мемлекет семіздік деңгейі бойынша көшбасшы елдердің бірі болып табылады. Мемлекет тұрғындарының 26 пайызы семіздіктен зардап шегеді. Ал халқының 63 пайызы артық салмаққа ие.

Аустралияда шарап жасайтын 60 өңір бар. Аустралиялық шарап жасаушылар жылына 1,35 триллион шөлмек шарап өндіреді.

2007 жылы Аустралияның бұрынғы премьер-министрі Кевин Радд мемлекеттің байырғы тұрғындарынан кешірім сұрады. Бұл ұлттың ымыраға келуіндегі негізгі кезең болды.

Аустралия туралы қызықты деректер

Аустралиялықтар ағылшындарды Pome деп атайды. Бұл Prisoners of Mother England (Англия Анасының Тұтқындары) тіркесінің қысқартылған нұсқасы болып табылады. 

Мемлекетті сотталғандардың отарлау тарихына қарамастан, Аустралияда кісі өлтіру деңгейі 100 мың тұрғынға 1,2-ден келеді. 

Аустралияда электр қуатының бағасы әлем бойынша ең қымбат болып табылады.

Адамдар келмес бұрын Аустралия үлкен фаунаға арналған тіршілік ортасы болған. Мұнда бойы 3 метр болатын кенгурулар, ұзындығы 7 метрлік кесірткелер, үлкендігі жылқыдай болатын үйректер мен көлемі қабыландай болатын қалталы арыстандар мекендеген. 

Үлкен тосқауыл рифі ғаламшардағы ірі тірі құрылым болып табылады. Оның өзіндік пошта жәшігі бар. 

Аустралия туралы қызықты деректер

Егер Опера театры шатырының барлық «желкенін» біріктірсе, мінсіз сфера пайда болады. Сәулетші апельсинді көргенде осындай ғимарат салуға шабыттанған.

Капитан Джеймс Кук Аустралияның шығыс жағалауына алғаш рет 1770 жылы аяқ басқан. 1778 жылы түзету мекемесін салу үшін, құрлыққа британиялық 11 кеме келген. 

Қытайлар Аустралияның еуропалықтардан бұрын зерттеген. 1 400 жылдары теңізшілер мен балықшылар теңіз қиярларын жинап, байырғы халықтармен сауда-саттық жасау үшін Аустралияға келген. 

1606 жылы Аустралияға аяқ басқан алғашқы еуропалық –  голландиялық теңіз жүзушісі Вилем Янсзон. Мұнан кейінгі 100 жыл ішінде мемлекетке басқа да голландиялық зерттеушілер келіп, карта жасап, оны New Holland, яғни Жаңа Голландия деп атаған.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Жарнамаға тапсырыс беруші заң жүзінде жазаланады

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда

Ерболат Беделхан: Әйелдер денелі еркектерден шаршады

Ninety one продюсері: Әйелдер қазір өз күтіміне немқұрайлы қарамайтын жігіттерді қалайды

Алматыда ер адам оқушы қызға шабуылдады

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр