Australian Open: Теннисші Әмір Омарханов үшінші айналымға жолдама алды
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Australian Open жарысының үшінші айналымына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Омарханов екінші айналымда австралиялық Юмерали Ибраимимен кездесу өткізіп, оны жарыс жолынан тайдырды. Отандасымыз 1 сағат 35 минутқа созылған бәсекеде 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Әмірдің үшінші айналымдағы қарсыласы швециялық теннисші Виллям Режхтман Винцигарра болмақ. Спортшының жасы 17-де.
Айта кетейік, Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы болып табылады. Ол да 17 жаста.
Сонымен қатар, бұған дейін Елена Рыбакина Australian Open жарысының ширек финалына өте алмаған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

