«Ауруханада әйелім жоқ боп кетті»: Алты баласымен қалған еркек келіншегін жоғалтып алды
Ескендір Тұрысбеков ауруханада ауырып жатқан әйелін жоғалтып алды. 15-ші қарашасынан бері қаршадай алты баланы жалғыз өзі бағып отыр. 2-ші топтағы мүгедек денсаулық жағдайына байланысты дәрігерлерге жиі қаралады, деп хаьбарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

«19 қарашада ерте ауруханаға бардым. Себебі облысқа аурухананың аудандық басшысы келіншегімді үш күн қарауға жатқызды. Ешқандай ем қолданбайды. Ондай дәрігер жоқ болса санавиация шақырыңдар дедім. Сол кезде әйелімді алып кетем деген кезде «Біз бұл диагнозбен жатқыза алмаймыз. Бірақ станционарлық жатқызамыз» деді. Келіншегім ары-бері жүре алмайды. Баланың тамағын берейін деп үйге бардым. Көзім ілініп кетіпті. Екі жарымда ауруханаға барсам, койка бос тұр. Әйелім жоқ. Сұрасам ешкім білмейді», – дейді Ескендір Тұрысбеков.
Айтуынша, әйелімен осы уақытқа дейін бірде-бір рет ұрсысып көрмеген. Тіпті ол туралы жаман пікір ойламайтынын айтады. Өйткені 2014 жылы жол апатына түсіп, төсек тартып қалғанда оны әйелі аяқтан тұрғызыпты.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған