Аурудың ең жас құрбаны: Шымкентте 23 жастағы келіншек коронавирустан көз жұмды
Шымкентте 23 жастағы бойжеткен коронавирустан көз жұмды. Оның артында кішкентай баласы қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" порталына сілтеме жасап.

Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың сөзінше, қазіргі күні вирус мутацияланып, жастарға қауіп төндіруде.
"Екі ай ішінде коронавирус жастарға жиі жұғатын болды. Аурудың ең жас құрбаны 23 жаста, тағы бір 41 жастағы науқас та кеселден көз жұмды", - дейді басқарма басшысы.
Сөзінше, бүгінде Шымкенттің инфекциялық ауруханаларындағы орындардың жартысы толған. Өткен тәулікте 109 адам ауру жұқтырып, 52-сі емханаға жатқызылған.
Бұған қоса, ол 167 370 адам вакцинаның бірінші дозасын, 69 905 адам екінші компонентін салғызғанын атап өтті. Айтуынша, тұрғындардың көп бөлігі отандық вакцинаны таңдауда екен.
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады