Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен босатылды
Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz Ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атлеттер мен жаттықтырушылардың шағымы қаралып, нәтижесінде Спорт және мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова мен Ауыр атлетика федерациясы осындай шешім қабылдаған.
Федерация Ұлттық олимпиада комитетімен бірлесе отырып, тренерлік құрамға іріктеу жүргізбекші. Іріктеу алда болатын ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионты кезінде арнайы талаптар негізінде өткізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін спортшылар ауыр атлетикада Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Сергей Седовтың үстінен шағым түсіргенін хабарлаған болатынбыз.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды