Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы техникасы бағасының қымбаттауына утильдік алымның қатысы бар ма?

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев ауыл шаруашылығы техникасы бағасының қымбаттауына утильалымның қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын әріптестеріміз, осы саладағы мамандар ауыл шаруашылығы техникасы құнының утильалым кесірінен қымбаттап бара жатқаны туралы бірнеше рет мәселе көтерді. Бұл да шындыққа жатпайды. Ең алдымен статистикаға жүгінейік. Былтыр елімізде қанша трактор, комбаин сатылған болса, соның 89 пайызы отандық өндіріске тиесілі. Яғни ауыл шаруашылығына қажетті трактор мен комбаин сатып алған кәсіпкерлердің 89 пайызы кәдеге жарату алымын төлемеді. Бұл ресми дерек, ресми статистика", – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, шетелдік техниканы шығаратын шетелдік компанияның өндіріс ошағы Қазақстанда орналасса, онда құрастырылған техникалардан утильалым алынбайды.

"Ауыл шаруашылығында Беларусьтың МТЗ тракторына сұраныс өте жоғары. МТЗ бізге келіп зауытын ашты. Тіпті әрі қарай локализацияға барып, кабинасын өзімізде толығымен шығарып, Беларусьқа экспортқа жібереміз. Беларусьте кабинасы шығарылмайды. Сонымен қатар Ловол, Киревец, YTO тракторларына сұраныс бар. Яғни халықтың сұранысына ие ауыл шаруашылығы техникасының бәрі өзімізде құрастырылады. Осы техникаларды сатып алу барысында ешқандай утильалым төленбейді", – деді Марат Қарабаев.

Талқылау