Ауыл шаруашылығы министрі еліміздегі алқаптарда шегірткелердің неліктен көбейгенін түсіндірді
Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев еліміздің алқаптарында шегірткелердің көбеюіне күн сәулесінің белсенділігі мен 11 жылда бір келетін көбею мерзімі себеп болғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің мәліметінше шегірткелердің үш түрі тараған. Олар азиялық, марокколық және күн сәулесі белсенділігіне байланысты көбейетін итальяндық прус шегірткелері.
"Олардың көбейетін мерзімді тұсы әр 11 жыл сайын болып тұрады. Биылғы және келесі жылы бізде дәл осы ең көбейетін тұсына келіп тұр. Шегірткелердің жыл сайынғы таралуы орташа көрсеткіштен он, жиырма есе көп болады. Шегірткелер салыстырмалы түрде айтсақ, 100 немесе мың жұмыртқа басуы мүмкін. Шегірткелердің бұл циклі биылғы шарықтау жылына түседі", - деді Қарашөкеев.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді