Ауа температурасы минус 25°С-қа дейін суиды: Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады
12-14 қыркүйекте республиканың көп бөлігінде күн құбылмалы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қазгидромет" РМҚ болжамынша, алдағы үш күнде Қазақстанда күшті жел соғып, күн күркіреп, жаңбыр жауады. 12 қыркүйекте республиканың солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығысында нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
Солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 13-23°С-тан 15-25 °С-қа дейін, солтүстікте 10-15-тен 12-17 °С-қа дейін, орталығында 10-23 °С-қа 12-23-ке дейін көтеріледі. Негізгі ауа температурасы күндіз батыста 18-25 °С, оңтүстікте – 22-30, оңтүстік-шығыста – 18-27, таулы аудандарда – 7-12 °С жылы болады.
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр? Сарапшы түсіндірді
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады
"Екі рет үйленіп ажырастым" деймін": Медеу Арынбаев марқұм жарына берген уәдесі мен жеке өмірі туралы айтты
Айгүлмен алғаш танысқанда, ол мендік болатынын бірден сезгем.