Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі облысында жолдар жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі облысында автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қостанай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, келесі республикалық автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізу жоспарланып отыр:
- 9 қарашада сағат 19:00-де Қостанай облысында "Қостанай-Әулиекөл-Сурған" Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көліктің барлық түрі үшін 7-232 км;
- 9 қарашада 19:00-де Қостанай облысында "РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы" Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көліктің барлық түрі үшін 555-729 км;
- 9 қараша 19:00 Қостанай облысында "Жезқазған-Петропавл" республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көліктің барлық түрі үшін 252-377 км жол жабылды.
"Жолдардың ашылуының болжамды уақыты 10 қараша сағат 9:00-де", – деп хабарлады департамент.
Ақмола облысының полиция департаменті де жолдардағы шектеулерді ескертті:
- сағат 19.00-де "Астана-Петропавл"автожолы жабылады;
- сағат 20.00-де "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолы, "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолы, "Екатеринбург-Алматы" автожолы, "Екатеринбург-Алматы" автожолы, "Екатеринбург-Алматы"автожолы жабылмақ.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі далада қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?