Атыраулық бизнесмендер түрмеде кәсіп ашып, 90 сотталушыны жұмыспен қамтыды
Атыраулық кәсіпкерлер еңбекпен түзеу орындарында қамауда отырған азаматтарды жұмыспен қамтып, абақты ішінде кішігірім кәсіпорын ашып отыр.

«Арнайы режимдегі мекемелерде өздерінің қызметін осы уақытта шағын және орта бизнес саласындағы 7 кәсіпорын жалғастыруда. Ерлер колониясында 2 кәсіпорын, ал әйелдер колониясында 5 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Қамауда отырған 90 адам жұмыспен қамтылған», – дейді облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының жеткшісі Дияс Жәнібеков.
Оның айтуына қарағанда, өздерінің өнімдерін, яғни қағаз пакеттер, тігін өнімдері мен ағаш бұйымдарын кәсіпкерлер облыста саудаға салады. Тіпті, көрші аудандармен байланысқа шығуда. «Біз оларға жазасын өтеу орындарында отырған адамдардың қолынан шыққан өнімдерінің таныстырылымын жасауға қолдау көрсеттік», – деді Жәнібеков.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген