Атырауда үш адам жол апатынан көз жұмды
25 қаңтар күні Атырауда жол апаты болып, 3 адам мерт болды. 
Жол апаты 25 қаңтарда болды. Өзеннен өтетін көпірлердің бірінде Lexus пен ВАЗ көлігі соқтығысты.
Жигулиде болған адамдарды арнайы құралмен алып шығуға тура келді. Оқиға орнында 3 адам мерт болды. Өзге жолаушылар жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Полиция департаментінің мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың жол ережесін немесе көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзуы» бабы бойынша тексеру жүруде.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған