Атырау облысында “әмин” деп дауыстаған ер адамға 84 мың теңге айыппұл салынды
Атырау облысында жамағатпен намаз оқыған ер адам дауыстап құлшылық еткені үшін айыпты болды.

Облыстағы Қызылқоға аудандық соты жергілікті тұрғынды дауыстап құлшылық еткені үшін 84 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.
Ер адам Миялы ауылындағы “Бәйтерек” мешітінде жамағатпен бірге бесін намазын оқыған. Имам “әмин” сөзін дауыстап айтқан ер адам үшін құлшылығын бұзған. Имам ескерту жасағанымен, ер адам оған құлақ аспаған.
Ер адам “Діни бірлестік пен діни әрекеттер жөніндегі заңды бұзу” бабы бойынша айыпталды. Ол кінәсін толық мойындады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған