Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында әйел адам жаяу жүргіншілер көпірінен құлап қаза тапты

жүргіншілер көпірі
Фото: photogoroda.com

Атырау облысының Мақат ауданында 68 жастағы әйел жаяу жүргіншілер көпірінен құлап, оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдайдың себептері анықталып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аzh.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

22 мамыр күні Мақат ауданында қайғылы оқиға болды. Ресми емес мәлімет бойынша, түскі уақытта 68 жастағы әйел Мақат кенті мен Байгетөбе ауылын жалғайтын жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған.

Оқиға орнына жедел түрде жедел жәрдем бригадасы жеткенімен, әйелді аман алып қалу мүмкін болмаған.

Атырау облыстық полиция департаменті әзірге оқиғаға қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1-курс студенті университет ғимаратынан құлап, қаза тапқаны хабарланған еді. Қайғылы оқиға 6 мамыр күні таңғы уақытта орын алып, студент сегізінші қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмған. Оқу орнының мәліметінше, марқұм мемлекеттік грант негізінде философия мамандығында білім алған. Университет өкілдері студенттің оқу үлгерімі жақсы болғанын, тәртіптік ескертулері болмағанын және психологиялық қолдау қызметіне жүгінбегенін мәлімдеді.

Айым Атамбаева
Сенбі, 23 Мамыр, 2026 16:05