AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында 2 миллиард теңгеге салынған емхананың қабырғалары жарылып, едені бүліне бастады

Құрылыс сапасы жеті жылға ғана жеткен ғимарат. Атырау облысында бюджет есебінен 2 миллиард теңгеге жуық сомаға салынған аудандық емханаға қайта күрделі жөндеу қажет.

Махамбет ауданында 250 келушіге арналған нысанның қабырғалары жарыла бастаған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Тұрғындарды қабылдау кезінде бұрын көзге байқалмайтын жарықтар үлкейіп, еденнің кей жері төмен түскен. Бірақ, жергілікті мамандар өз жұмысын тоқтатпапты, деп хабарлайды Евразия.

Атырау облысында 2 миллиард теңгеге салынған емхананың қабырғалары жарылып, бүліне бастады

«Керекті мамандардың барлығы келіп, олар сараптама берді: аурухананың 1-қабатын қауіпсіздікті сақтау мақсатында пайдаланудан бас тарту туралы. Бірақ, бұл емхананың емдеу-сауықтыру жұмыстарына кедергі келтірмейді. Дәрігерлердің барлығы 2-ші және 3-ші қабатқа көшірілді» – дейді Махамбет аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Марат Шуақбаев.

Дәрігерлердің сөзін әкімдік өкілдері де растап отыр. Олар аталған ғимаратты қайта қалпына келтіру үшін қаражат қарастырып жатыр дейді.

«Жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға, күрделі жөндеуге өткізуге құжаттама жасақталып жатыр. Бүгінде іргетасы отырғаннның кесірінен осы күрделі жөндеу жоспарланған болатын. Осы жылы осы жұмыстар жүргізілетін болады» – дейді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев.

Қыруар қаржыны мардымсыз жұмсаған сол кездегі облыстық құрылыс басқармасының басшылары қазір істі болып, абақтыда отыр екен. Ал емхананы салған мердігер компания берген кепілдік мерзімі өтіп кеткен. Оларға құжат жүзінде талап қою қисынсыз. Енді миллиардтаған ақшаға салынған ғимарат қайтадан қомақты қаржыға жөнделмек.

Оқи отырыңыз: 

Қараусыз қалған: Астанада балабақшадан шығып кеткен бүлдіршін өзенге батып кете жаздады

Бетінен ұр: Астанада әкесі ұлын оқушылармен төбелесуге мәжбүрледі

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр