Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Омар Жәлел жүкті келіншегін алмастырған массажист әйелдің кім екенін айтты

Белгілі ғалым Омар Жәлел соңғы кездері жұрт назарына жиі ілігіп жүр. Жуырда Ләззат Мырзаш есімді Tiktok қолданушысы өзін Омар Жәлелдің әйелі екенін айтып, танымал күйеуі жүкті кезінде тастап кеткенін және массажист келіншекпен көңіл қосқанын ашық жазған еді. Ал көптің талқысына түскен абайтанушы Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында ел арасында тараған әңгімелерге ашық жауап берді.

 
Әлеуметтік желіде күйеуі жайлы ел естімеген жағымсыз ақпараттарды жариялаған Ләззат Мырзаш Омар Жәлелдің екінші әйелі екен. Ол бес жыл отасқан отағасымен не үшін ажырасқанын Tiktok-тағы танымал тренд арқылы баяндап бергені ел есінде.

"Бес жыл отбасы болып, үш баланың ата-анасы атанып, не үшін ажырасып кеттіңдер десе, айт: “Орта жолда кішкентай балалармен тастап кеттім, берген уәдемнің бірін де орындамадым. Ниетіміз қанша жақсы болса да, ортамызға түскен адамдар аз болмады. Бәрі күшті болмады. Қатынның үстіне қатын ала бердім дерсің. Не істесем де, кешіре берді, көне берді, қабылдай берді. 54 жасымда аңсап, сүйген қызымды массажист әйелге айырбастадым. Отбасым қирады, есесіне массажист, бай, Қытайдан келген қатын тауып алдым дерсің. Үшінші балама аяғы ауыр келіншегімді үш баламен проблемасы жоқ, жағдайы жақсы, массаж жасайтын әйелге айырбастап кеттім. 6 айдан бері олардың қалай күн көріп жатқанында шаруам жоқ. Балаларыма алимент төлемеймін, енді оларды керек қылмаймын. Тіпті аяғы ауыр әйелімді барлық жерде бұғаттап тастағанмын де”, – деп жазған еді Ләззат Мырзаш. 


Омар Жәлел өзі жайлы екінші әйелінің әлеуметтік желіге жариялаған жазбасының басым бөлігін растағанымен, бірақ "жүкті келіншегін массажист әйелге алмастырды" деген ақпаратты жоққа шығарды.  

"Жоқ, ол өзінің субъективті пікірлері ғой. Бірақ мен ешқандай да әйел алмастырған жоқпын. Ол Тұрсынгүл Әсемхан деген менің үшінші әйелім. Ол массажист емес, халыққа қызмет етіп жатқан үлкен емші. Өзінің ойлары ғой. Әркімнің өз ойы бар ғой. Негізі ол кісінің жазып отырғанының бәрі шын нәрсе. Бірақ мен жақында ғана Ақтауға барып қайттым. Бала-шағамды көріп, жағдайын біліп, мен жауапкершілігімді ешқашан ұмытқан жоқпын. Әйел эмоцияның адамы ғой. Олар әртүрлі пікір білдіреді, бірақ сен ер азамат ретінде ешқашан ренжімеуің керек. Өйткені ер адам әйелге үнемі кешіріммен қарау керек. Сондықтан мен ол сөзді дұрыс деп қабылдаймын", – деді Омар Жәлел. 


Атышулы абайтанушы кейінгі кездері желіні жиі шулатып жүр. Естеріңізге сала кетсек, таяуда оның қыз-келіншектердің ортасында көзін жұмып, жұлқына билеген видеосы қазнетте қызу талқыланған еді. Аталған бейнежазбаны ғаламторға тиктокер жігіт жариялап жіберген екен.  

"Мен негізі бұрыннан билеймін, бірақ ешкім керек қылған жоқ. Менің биге деген туа бітті қабілетім бар. Жақсы көремін, би менің шығармашылығымның бір саласы. Би – адамның еркіндігінің бір формасы. Мысалы, кейбір адамдар би арқылы өзінің еркіндігін жүзеге асырады.  Ал қоғам мен туралы өзінің түсініктерін жасап алған. "Ол кісі билемеу керек, ол кісі тік жүріп, тік тұру керек" деген сияқты. Сол бұзылған кезде бүкіл қоғам шулады. Тиктокер жігіт пайданың қайдан түсетінін біліп тұр. Сол видеоны желіге салып жіберген кезде қоғамда үлкен резонанс пайда болды. Би деген өнер ғой. Мен бұрын билеп жүргенде "мына адам ішіп алған ба, мас" деп ойлайды. Мен видеода рухани мас боп тұрмын. Мұны енді сезінген адам ғана айта алады. Былай сырт көзге жындылық боп көрінеді", – дейді абайтанушы. 


Бір қызығы, дәл сол билеген видеосы әлеуметтік желіге тараған сәтте қоғамнан қатты қысым көрген. Кейін Омар Жәлел "қазақтың Бас биі" деген атағынан айырылған екен.   

"Билер алқасының шешімімен олар мені бұл атақтан түсіріп тастады. Мен билеген кезде қоғамда қысым көбейді. Сосын олар өздері жиналып, ш"ешім шығарып, мені "қазақтың Бас биі болуға лайықты емес" деп мені түсіріп тастады. Негізі "қазақтың Бас биі" деген үлкен өлшем ғой. Олар дұрыс істеді деп ойлаймын. Бірақ мен өкінбеймін", – дейді ол.


Сондай-ақ Омар Жәлел бұл сұхбатында тұрмысқа шықпаған қыз-келіншектерді сынға алып, 20 жастан асқан аруларды "кәрі қыз" деп атады.
Видео сұхбаттың толық нұсқасын дәл қазір Stan.kz Youtube арнасынан көріңіз. 


  

Талқылау