Атыс дауысы естілген: Ақтауда түнгі төбелестен кейін 13 адам ұсталды
Әлеуметтік желіде Ақтаудың 16-шағын ауданында атыс болып, төбелес орын алғаны жайлы мәлімет тараған. Полиция аталған жайтқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан оқиғаның нақты қай жерде болғанын аңғару қиын. Сонымен қатар төбелес қатысушыларында қару болған-болмағаны да белгісіз.
Желі қолданушылары бұл оқиғаның лото клубы маңында болғанын айтады. Ал полиция департаментінің мәліметінше мұнда жедел-тергеу тобы жіберілген. Ал полиция басқармасына 13 адам жеткізіліпті.
Қазір тергеу жалғасып жатыр. Ал облыстық ауруханаға шағымданғандар болмаған. Аталған іс "Бұзақылық" бабымен тіркелді.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған