Балконға мысықтарды асып қойған Атырау облысының тұрғыны жазадан сытылып кетті
Жылыой ауданының Құлсары қаласында әйел мысықты асып өлтірген. Ол мұндай қадамға өзін тыныштандыру үшін барған. Бүгін әйелдің жазадан құтылып кеткені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 316-бабы ("Жануарларға қатыгездiк жасау") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда бүгін, 16 ақпан, әйелдің жазадан сытылып кеткені белгілі болды.
"Жылыой ауданының тұрғынына қатысты амнистия туралы заңды қолданылуымен байланысты мысыққа қатыгездік таныту ісі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданды", - деп хабарланды полиция департаментінен.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”