Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы тәртіпсіздік: Зардап шеккендерге қатысты жаңа мәлімет жарияланды

Теңіздегі тәртіпсіздіктердің салдарынан 45 адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді.

Атыраудағы тәртіпсіздік: Энергетика министрлігі зардап шеккендерге қатысты жаңа мәлімет айтты

"Тұтастай алғанда, әртүрлі сандар бар екендігін естіп жатырмын бүгінгі күні. "Теңізшевройлдың" мәліметінше, 45 адам алғашқы медициналық көмекке жүгінді. Олар негізінен ССЕР компаниясы қызметкерлері, олардың ішінде компанияның басқа да қызметкерлері бар, төрт қазақстандық бар", - деді Досмұхамбетов.

Айтуынша, 45 зардап шеккендердің 22-іне медициналық көмек қажет болды. Оларды Атырауға алып кетті.

"Кеше кешке дейін ауруханада бірде бір адам қалған жоқ. Бәрі қажетті көмекті алды. Ұзақ уақыттық емді қажет ететін елеулі жарақаттар болмады. Бәрінің жағдайы жақсы, менің білуімше", - деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 29 маусымы күні сағат 11:00 шамасында «Тенгизшевройл» вахталық шағын ауданында Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР) компаниясының қызметкерлері жұмыс учаскесіне шығып, наразылық білдірді. Оқиға орнына тиісті органдар мен әкімдер барды. Кейін көтерілістің жұмыс теңсіздігіне байланысты туындағаны белгілі болды. 

Талқылау