Атыраудағы Digital Nauryz: дәстүр мен технология тоғысы

Биыл Атырауда Наурыз Digital Nauryz форматында тойлануда. Ұлттық дәстүр мен заманауи технологияларды тоғыстырған мереке цифрландыру жылына қойылған мақсат-мүдделерді де біріктіріп отыр. Исатай мен Махамбет атындағы алаңда үш тақырыпта киіз үй тігіліп, қонақтар бірегей цифрлық тәжірибелермен танысты.

Мысалы, мерекеге келгендер арнайы цифрлық киіз үйде орнатылған жасанды интеллект көмегімен ата-бабалардың ақ батасын алып, бір сәтке олардың асқақ рухы мен айбынын сезіне алды.

Келесі киіз үйде қонақтар қазақтың ұлттық киімдерін виртуалды түрде киіп көруге мүмкіндік алды. Ал үшінші киіз үйде еліміздің мәдениеті, дәстүрлері мен жетістіктері жөнінде бейнероликтер көрсетілді.

Бұған қоса, алаңда алты интерактивті панель орнатылып, жұртшылық цифрлық жобалар мен инновациялық шешімдер жөнінде ақпарат алды. Сондай-ақ көрермендер “Алақан” жобасымен танысып, “Роботтар шайқасы” шоуын тамашалады.


Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті