Атыраудағы балабақшада тәрбиешінің баланы тепкен видеосы желіде тарады (видео)
Атыраудағы "Зейнеп-Әмина" жекеменшік балабақшасында тәрбиеші баланы тепкен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Видеоны желіге жергілікті белсенді Рүстем Баязиев жариялады.
Бала ата-анасына тәрбиешісі аяғынан тепкеніне шағымданған. Басында олар сенбегенімен, басқа балалардың ата-аналары да балалары шағымданғанын айтқан соң, мән бере бастады. Артынша баланың әкесі балабақша әкімшілігінен видеоны талап еткен. Бейнежазба оған екі күннен кейін берілді.
Осыдан кейін тәрбиеші жұмыстан босатылды. Енді ата-ана тәрбиешінің жазаланғанын сұрайды. Полиция істің барлық мән-жайын анықтап жатқанын айтады.
"Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі