Атырауда үш адам газдан уланып қайтыс болды

28 желтоқсан күні шамамен сағат 13:40-та Томарлы ауылында үш адам газдан уланып көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, үш адамның өліміне табиғи газбен жұмыс істеген жылыту пешінде тартудың болмауы себеп болған.
“Үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, — деп хабарлайды басылым.
- "Екі бала жансақтау бөлімінде": Алматыда пойызда түсірілім кезінде 50-ден астам адам газдан уланып қалды
- Жамбыл облысында газдан уланып көз жұмған үш баланың денесі жер қойнына тапсырылды
Еске салайық, Оралда ана мен бес бала газдан уланып қалған еді.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті