Атырауда туған қызын зорлаған ер адамға қатысты сот үкім шығарды
Атырауда балаға азғындық жасаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Ол өзінің туған қызына қатысты сұмдық әрекетін бір жыл бойы жүзеге асырып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің, жәбірленушінің айғақтары, сараптама нәтижелері және бейнежазбалармен толық дәлелденді. Ол сондай-ақ үйде оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған.
Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 124-бабы ("жас балаларды азғыру") және 287-бабы ("қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Сондай-ақ оған өмір бойы педагогикалық лауазымдарды атқаруға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынады.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар