Атырауда тәрбиеші баланың бетінен ұрып, дене жарақатын салған
Атырау қаласындағы мемлекеттік балабақшаларының бірінде тәрбиеші балаға дене жарақатын салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 8 қараша күні болған. Тәрбиешінің сабақ үстінде баланың бетінен ұрып, дене жарақатын салғаны бейнебақылау камерасына жазылып қалған.
Баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан шеттетілді, оған дене жарақатын салуға жол берген мектепке дейінгі мекеменің басшысы да жауапқа тартылады.
Қалалық білім бөлімі Атырау қаласындағы 46 мемлекеттік балабақшада орнатылған бейнебақылау камералары арқылы мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне бақылауды күшейтеді.
8 қарашада болған оқиға бойынша ҚК 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"