Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда пара алған ветеринариялық бақылау қызметкерлері сотталды

Атырауда сот ветеринариялық бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты істі қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: stylishbag.ru

Атырау қалалық №2 сотының мәліметінше, 5 күдіктіге қатысты іс қылмыстық іс қаралған: 

- ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысына бірнеше рет қомақты мөлшерде пара алды, сондай-ақ алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында пара алуды ұйымдастырды деген айып тағылған;

- бас маман мен ветеринариялық инспекторға алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында пара алғаны үшін;

- жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығының басшысына лауазымды тұлғаға қомақты көлемде пара берді деген айып тағылды. 


Атырау облысында тасқыннан малы суға кеткен шаруалар жарты жылдан бері өтемақы ала алмай жүр


“Сотталушылардың кінәсі сотталушылардың, куәлардың айғақтарымен, ақша қаражатын аудару туралы түбіртектермен, тергеу әрекеттерінің бейнежазбаларымен, мамандардың қорытындыларымен өз дәлелін тапты”, – делінген сот хабарламасында. 

Сотталушылар тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Инспекция басшысы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал бас маман мен ветеринарлық инспекторға алынған пара сомасының 60 еселенген мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығының басшысына пара сомасының 26 еселенген мөлшерінде айыппұл салынған.

Сондай-ақ сотталушылардың барлығы мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметкерлеріне ұлының оқу ақысын төлеткені үшін сотталған еді. 

Талқылау