Атырауда мұнай өңдейтін зауыт шұғыл түрде жұмысын тоқтатты
Атырау мұнай өңдеу зауытының өкілдері жұмыстың шұғыл тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұған зауытта электр қуатының болмауы себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"KEGOC" АҚ-ның электр қуатын жоспардан тыс тоқтатып тастауына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуаты болмай, осыған байланысты бүкіл зауыттың авариялық тоқтауы орын алды. Төтенше жағдайдың алдын-алу үшін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтанғанша зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталады", – делінген хабарламада.
Зауыт өкілдерінің мәліметіне сәйкес, "KEGOC" АҚ-ның бұл тоқтауы жоспардан тыс болып табылады, бұл өндірістің жұмысына кері әсер етеді. Ақауларды жою нәтижесі қосымша хабарланады.
“Мой Город” басылымының мәліметіне сәйкес, бұған дейін тұрғындар бірнеше ауданда өткір иіс бар екенін мәлімдеген. Кейбірі тамақтың жыбырлауына шағымданған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған