Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда мұғалім педагогикалық кеңестен кейін өзіне қол салмақ болған

Атыраудағы №37 мектептің мұғалімі педагогикалық кеңесте балағат естіген соң өзіне қол салмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сенсек, мұғалімді көпшіліктің көзінше алаяқ деп айыптап, балағаттаған көрінеді.

"Мені педагогикалық кеңесте балағаттады. Бұған дейін директор оның "қолының сұғанақтығы бар" деп айтқан еді. Бұл – масқаралау, сондықтан басқа амал болмады", – дейді зардап шеккен әйел. 

Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің дереіне сәйкес қазір іс бақылауда, арнайы комиссия құрылған. 

"Құрамында қалалық және Атырау облыстық білім басқармасының өкілдері, оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету бойынша аймақтық департаментінің өкілдері бар комиссия құрылды. Министрліктің аймақтық департаменті педагогикалық этика бойынша жоспардан тыс облыстық кеңес өткізеді. Кеңес қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады", – делінген министрліктің Tengrinews.kz портасына берген жауабында.

Қазір мұғалімнің жағдайы тұрақты екен. Оған тиісті психологиялық көмек көрсетіледі.

Талқылау