Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда масаны улауға 130 миллион теңге бөлінген

Атырауда масаны улауға 130 млн теңге бөлінген. Масалар жаңбыр жауған жерлерде көбейеді. Дезинфекциялаушылардың айтуынша, бұған көктемде жауған жауын-шашын себеп, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі. 

маса

Масалардың тағы бір мәселе олардың химиялық заттарға тез бейімделеді. Дәрілерді мезгіл сайын өзгерту керек. Атырауда масалардың үш түрі бар екен: Каспий теңізінің жағасында көбейетін, ірі Caspius aedes, үй ішіндегі Culex pipiens және Pipiens pipiens.

Осы ретте сәуір айында Атырау қаласында 1100-ден астам көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелері мен кіреберістерін өңдеу жұмыстары басталып кетті. 

"Дезинфекторлар белгіленген 8 сағатта ғана емес, қосымша уақытта да жұмыс істейді. Құрал-жабдықтар мен дайындықтар жеткілікті. Бүгінде 23 қызметкердің 20-сы шыбын-шіркейге қарсы күресуде. Бұл 10 бригада", – дейді "AG Dezinfection Services" ЖШС директорының орынбасары Нұрлыбек Ахмедьяров. 

Бүркуге қолданылатын барлық препарат мемлекеттік сараптамадан және сынақтардан өткен. Эпидемиолог Гүлмира Ходжибекованың айтуынша, химиялық заттардың адамға да, өсімдіктерге де зияны жоқ, жануарлар да зардап шекпейді.

"Біз тұрғындарға ауданындарында жұмыс басталатынын ескертуге тырысамыз. Былтыр адамдар коронавирус сепкен деген жалған ақпаратты естіп, өңдеуге тыйым салған жағдайлар болды", – дейді Гүлмира Ходжибекова.
 

Талқылау