Атырауда екі бала суға батып, көз жұмды
Атырауда екі бала суға батып, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: News-r.ru
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2010 және 2011 жылы туған екі бала суға түсу кезінде көз жұмды. Бір баланың денесін туыстары тауып, судан шығарған. Құтқарушылар екінші баланы іздеуді жалғастырып жатыр.
"Іздестіру жұмыстарына департаменттің 11 қызметкері мен 5 жүзу кемесі жұмылдырылды", – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті биыл Атырау облысында шомылу маусымы әлі ресми түрде ашылмағанын ескертіп, шомылуға жабдықталмаған жерлерде суға түсу қауіпті және қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында ер адам суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалғаны туралы жазған едік.
"Тексермесе, төлемей отыра береді": Алматы тұрғындары жолақысын төлемейтін жолаушылар көбейгеніне шағымданды
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады