Ер азаматтың сөзінше, олардың шағымданбаған жері жоқ.
"1 жылдан астам уақыт өтсе де, еш нәтиже жоқ. Прокуратура да, қалалық полиция бөлімі де қол қусырып отыр. Бұл 13 ай біздің отбасымыз үшін қиынға соқты. Біз ата-ана ретінде әділдік орнап, тәрбиешіні жауапқа тартуды сұраймыз", - деп қосты ол.
Бұл үндеуін атыраулық азамат Қазақстанның бас прокуратурасына, Ішкі істер, білім және ғылым, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлеріне, Атырау облысының әкімі мен балалар құқығы жөніндегі өкілетті уәкіл Аружан Саинға жолдаған.
Өз кезегінде құзырлы органдар бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"№20 "Алтын балық" балабақшасында тәрбиеші баланы ұрып-соққан. Арыз бүлдіршіннің ата-анасынан түсті. Қазіргі таңда шағым білім беру саласының бақылау департаментінде тіркелді. Балабақша тәрбиешісіне айыппұл салынып, жұмыстан қуылды. Қазіргі таңда іс ІІМ-де қаралуда", - делінген ресми хабарламада.