Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 16 жастағы қыз төрт күннен бері табылмай жатыр

Атырауда 16 жастағы қыз 4 күннен бері табылмай жатыр. Ол 6 сәуірде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атырау облыстық төтенше жағдайлар депаратментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, іздестіру 7 сәуірден бері жүргізіліп жатыр.

"Атырау қаласының 2007 жылы туған тұрғыны 6 сәуір күні ата-анасына ескертпей, үйінен белгісіз бағытқа шығып, кері оралмаған. Осыған байланысты Төтеншеше жағдай департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің құтқарушылары Жайық өзенінде су астынан іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды", - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Су астынан іздестіру жұмысына жедел құтқару жасағынан 10 адам, 1 техника мен 2 жүзу құралы, Полиция департаментінен 5 адам, 1 техника тартылған. Құтқарушылар мен полицейлерге еріктілер, жергілікті тұрғындар көмектесіп жатыр.

"Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Әсіресе, балаларды назардан тыс, қараусыз қалдырмаған жөн", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Атырауда екі адам жоғалып кеткен, оларды іздеуге тікұшақ жұмылдырылған. Атырау қаласының маңындағы Алғабас ауылының екі тұрғыны 9 наурыз күні сағат 11:30 шамасында мал іздеуге шыққан. Елді мекеннен 50 шақырым ұзаған соң олармен байланыс үзілген.

Төтенше жағдайлар департаментіне бұл туралы бір күннен кейін хабар берілген. Жоғалғандарды әуеден іздеуге "Қазавиақұтқару" АҚ-ның тікұшағы тартылды. Кейін олар аман-есен табылды.

Талқылау