Атырауда 1 келі боп туған бала бүгін мектепке барды
"Батыр бала" атанып кеткен Мақсот биыл бірінші сыныпқа барды. Осыдан алты жыл бұрын Атырау облыстық перинаталдық орталығында 1 келі 260 грамм салмақта дүниеге келген Мақсот есімді балақай бүгін мектеп табалдырығынан аттады. Ұлының өз құрдастарымен бірге өсіп, жетіліп мектепке барғанына қуанған ата-анасы өз қуанышын Stan.kz тілшісімен бөлісті.

"Мақсот – біздің екінші ұлымыз. Мен анасымын. Есімім – Гүлзира. Ең алғаш рет бөпемді көргенде қатты қорықтым. Кіп-кішкентай шақалақты қалай ұстаймын дейтінмін. Шыны керек, арманым – бөпемді қолыма алу болатын. Қазір сол ұлым 6 жасқа жетті. Салмағы – 26 келі. Кейбір қатарластарынан да артық, спортты жақсы көреді. Тәубе деймін. Бірінші Алла, екінші Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне алғысым шексіз" – дейді балақайдың анасы Гүлзира.

Балақай бүгін Атырау қаласындағы №5 Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектептің бірінші сыныбына барды.
"Мақсоттың арманы – футболшы болу. Біз батыр балақайдың арманына жетуіне, сабағын "беске" оқуына тілектестік білдіреміз" дейді жоғарыда аталған орталықтың баспасөз өкілі Нұргүл Ысмағұлова.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып